Биылғы ҰБТ кезінде төрт талапкердің нәтижесі жойылды
Ұлттық бірыңғай тестілеу кезінде республика бойынша 4 талапкер аудиториядан шығарылып, нәтижелері жойылды деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі, Sputnik Қазақстан сайтына сілтеме жасап.
– Біз талапкерлерге барынша жеңілдік жасадық, бірақ талап бәріне бірдей. Сондықтан қойылған шартты бұзғандар, тиісті бағаларын алады, – дейді Білім және ғылым министрлігі Жоғары және жоғары оқу орынан кейінгі білім департаментінің директоры Әділет Тойбаев.
Айта кететін жайт, осы жылы 56 684 талапкер тестілеуді қазақша, 14 455-і орысша және 87-сі ағылшынша тапсырыпты.
Оқи отырыңыз