KZ
Өскемен
пасмурно жел 4 м/с, ОШ
491.71 529.97 5.05

ШҚО-да жалған сертификатпен жүрген медицина қызметкерлері ұсталды

7.06.2019, 09:20 132

ШҚО-да жалған сертификатпен жұмыс істеген медицина саласындағы қызметкерлер ұсталды, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

Тауарлар мен көрсетілетін қызмет сапасын және қауіпсіздігін бақылау комитеті денсаулық сақтау қызметкерлерінің клиникалық практикаға түсуі үшін болуы тиіс сертификаттарды талдауды аяқтады. Сараптама нәтижесі бойынша, 1709 мед қызметкер жұмысынан босатылды. Олардың ішінде, 675-і дәрігер, 1034-і медбике болып шықты.

- Осы заң бұзушылықтар бойынша облыстық денсаулық сақтау басқармалары медициналық ұйымдардың басшыларын тәртіптік жауапкершілікке тарту жөнінде шаралар қабылдайтын болады, - деп атап өтті комитет.

Бұл аздай, республика көлемінде, бес бірдей аймақтан 28 мед қызметкер жалған сертификатпен ұсталған. ШҚО бойынша осындай 3 оқиға тіркелген.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив