Өскеменде "бомждар" жылынамыз деп біреудің үйін жағып жіберді
Өскеменде үйсіз-күйсіз жүрген қаңғыбастар иесіз үйді өртеп жіберді, деп хабарлайды, Алтайньюс тілшісі.
Куәгерлердің айтуынша, өрт 5 маусымда, сағат 17.00 шамасында болған. Чернов көшесіндегі иесіз тұрған бос үйге кірген олар, от жағып жылынбақшы болған, алайда олардың әрекеттерінің соңы өртке ұласқан.
- Өрттің жалпы ауданы 50 шаршы метрді құрайды. Үйді отқа ораған 46 жастағы ер адам мен 42 жасар әйел. Біздің қызметкерлер оқиға орнына жетпестен, екеуі үйден шығып үлгеріпті - деп хабарлады Төтенше жағдайлар басқармасының баспасөз қызметі.
Алайда, түрлі күйік алып, газға уланған "бомждар" емханаға жатқызылған.
Оқи отырыңыз