KZ
Өскемен
-19°
туман Штиль
502.47 525.83 5.68

Мұнай бағасы өсіп жатыр

1.06.2022, 11:54 134

Ресейге қарсы санкциялар туралы өтетін Еуропалық одақтың (ЕО) отырысы қарсаңында мұнай бағасы көтеріліп кетті.

Brent маркалы мұнайдың жарамдылық мерзімі сейсенбіде аяқталатын шілде айындағы фьючерстік келісімшарты сессия басында 0,3 пайызға, барреліне 119,80 АҚШ долларына (51990 теңге) дейін өсті. Тамыз келісімшарты Brent барреліне 0,6 пайызға, 116,23 долларға (50442 теңге) дейін өсті.

Осы уақытта WTI маркалы мұнай фьючерстері де барреліне 0,7 пайызға, 115,85 долларға (50276 теңге) дейін қымбаттап, өткен аптадан бері сенімді өсіп келеді.

ЕО елдері дүйсенбі мен сейсенбіде Украинаға басып кірген Ресейге қарсы санкциялардың алтыншы пакетін талқылау үшін кездеседі.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу