Ақмарал Саттарова: "Біздің буын мүмкіндікті мүлт жібермеуге міндетті"

Шығыс Қазақстан облысының кәсіпкерлері де алдағы жалпыхалықтық референдумға қатысты пікір білдірді.
– Мен кәсіпкермін. Мен үшін ашық және адал бәсекелестік маңызды. Бұл туралы Конституцияға енгізілетін түзетулер жобасында егжей-тегжейлі айтылған. Ең бастысы, кез келген азамат осы процеске қатысып, өз идеяларын жүзеге асыра алады және елеулі өзгерістерге өз үлесін қоса алады. Біздің ауданда кәсіпкер әйелдердің әрқайсысы өз ісінің шебері, белсенді, іскер, жанашыр. Бесқарағай ауданының тұрғындары әрдайым белсенді азаматтық ұстанымымен, еліміздің барлық саяси науқандарына қатысумен ерекшеленіп келеді. Біздің жерлестеріміз алдағы референдумға белсенді қатысады деп санаймын. Біздің буын осы мүмкіндікті пайдаланып, кейінгілерге либералдық құндылықтары бар демократиялық мемлекетті қалдыруға міндетті. Бұл жерде әркімнің дауысы естіліп, әркімнің құқығы қорғалатын болады, – дейді Ақмарал Саттарова.