KZ
Өскемен
-19°
туман Штиль
502.47 525.83 5.68

Толқын Жұмашева: "Референдум мемлекет үшін ерекше маңызға ие"

31.05.2022, 16:21 110

Жас та, жасамыс та көз тіккен референдум өтетін күн жақындап келеді. Осы орайда елге тұтқа болар азаматтарды тәрбилеуге атсалысып жүрген ұстаздың пікірін ұсынуды жөн көрдік.

– Өзгерістер қазақстандықтардың өмірінің маңызды аспектілеріне қатысты екені даусыз. Бірінші кезекте адам құқықтарын нығайтуға және қоғамдағы әлеуметтік әділдікті күшейтуге бағытталған.

Менің ойымша, бұл біздің мемлекетіміз үшін ерекше маңызы бар Президентіміздің оң шешімі. Алдағы референдум біздің әрқайсымызға еліміздің тағдырын шешуге тікелей қатысуға мүмкіндік береді және жан-жақты демократияландыру мен жаңа Қазақстанды құру бағытын нығайтады. Ел тағдырына алаңдайтындардың бәрі республиканың саяси бағытын өзгертудің маңыздылығын түсінуі керек. Міне, сондықтан да гүлденген елді көргісі келетіндердің барлығы референдумға келіп, ҚР Президенті ұсынған реформалар үшін өз дауысын беруге тіпті міндетті, – дейді Қайрат Рысқұлбеков атындағы орта мектебінің орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Толқын Жұмашева.

Естеріңізге сала кетейік, жалпыхалықтық референдум 5 маусым күні өтеді.

Оқи отырыңыз

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу