KZ
Өскемен
-21°
плотный туман жел 1 м/с, С
502.47 525.83 5.68

Өскеменде атаулы күнге орай кітап көрмесі ұйымдастырылды

31.05.2022, 16:10 253

Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне орай Пушкин атындағы облыстық кітапхана кітап көрмесін ұйымдастырды, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

Көрермен назарына көркем әдеби шығармалар, зерттеу материалдар және түрлі тарихи басылымдар ұсынылды.

Бұдан бөлек, Алаш қайраткерлерінің суреті менмұндалап тұрды. Әрбір суретке бейнежазба көруге мүмкіндік беретін QR-код қойылған.

– Көрменің басты жаңалығы – ашаршылық тақырыбындағы көлемді зерттеулер топтастырылған алты томдық еңбек. Кітапта нәубет жайлы нақты дәлелдер, тың деректер, бұлжымайтын сандар берілген, – дейді кітапхана қызметкерлері.

Көрмеде жастар көп болғанын айта кетуіміз керек.

– Көрме ерекше әсер қалдырды. Мұндағы көркем шығармалар, деректер, құнды жазбалар жадымыздан өшпейтін тарих деп есптеймін, – дейді студент Жайнар Жұмағалиева.


авторы: Ділназ Қапор

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу