KZ
Өскемен
+7°
ясно Штиль
480.11 532.25 5.14

ШҚО әкімі Абай ауданына барды

31.05.2022, 10:57 189

Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметов ұлы ақын, философ, ойшыл Абай Құнанбаевтың туған жері Абай ауданына барып, Кеңгірбай би ауылының тұрғындарымен кездесті.

– Ең алдымен, тұрғын үй құрылысы бойынша аудан қарқынды дамып келе жатқанын атап өткім келеді. Бір жыл бұрын мұнда кезекте тұрғандарға арналған көп пәтерлі үйлер қалпына келтірілді. Қарауыл ауылында Абайдың 175 жылдығына орай салынған саябақтың жанында "Бір қабатты Шығыс" бағдарламасы бойынша үйлердің құрылысы жүріп жатыр. Жақын арада мұнда тұтас шағын аудан болады, – деді әкім.

Аймақ басшысының айтуынша, ауданда туризмді дамыту үшін жақсы мүмкіндіктер бар.

– Біз ұлы ақынның есімімен байланысты маңызды жерлерге жаңа көрініс бердік. Абайтанушылар мен туристер тек Қазақстаннан ғана емес, басқа елдерден де осы қасиетті жерлерге барғысы келетініне сенімдімін. Сондай – ақ, ауданда "Ауыл-Ел бесігі" бағдарламасы, абаттандыру, ауыз су бойынша жобалар табысты іске асырылып жатқанын атап өткім келеді. Айта кетейік, Кеңгірбай би ауылында 2004 жылдан бері өткізілмеген сумен жабдықтау жүйесін ағымдағы жөндеуге биыл облыс бюджетінен 30 млн теңге бөлінеді. Мердігер ұйым "Саланг-Құрылыс" ЖШС маусым айында барлық қажетті жөндеу жұмыстарын жүргізеді – деді облыс басшысы.

Әкім аудан тұрғындарымен кездесу барысында алдағы 5 маусымда өтетін референдумды және Президенттің бастамаларын қолдаудағы әрбір дауыстың маңыздылығын атап өтті.

Оқи отырыңыз

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив