KZ
Өскемен
-2°
небольшой снег жел 3 м/с, З
494.87 520.65 4.91

Қазақстанның танымалдығы артып, Ресейдікі кеміген

24.04.2019, 10:41 115

Австралиялық «Lonely Planet» журналы соңғы он жылда танымалдығы артқан немесе төмендеген елдер мен қалалардың рейтингісін жариялады.

Рейтингтің негізіне 2009-2019 жылдар аралығында Google Trends қосымшасындағы іздеу сұраныстарының статистикасы алыныпты. Бір қызығы, бұл тізімде біздің ел де бар екен.

Ал он жыл ішінде танымалдығы артқан мемлекеттердің ондығын Филиппин бастап тұр. Бұл елді пайдаланушылар 170,45 пайызға жиі іздеген. Екінші орында – Оңтүстік Корея (+76,11 пайыз), одан кейін Сауд Арабиясы (+56,41 пайыз) тұрса, үздік төрттікті Нидерланд Корольдігінің (+43,17 пайыз) алдын ораған Қазақстан (+47,83 пайыз) түйіндепті. Танымал елдер қатарына, сондай-ақ Тайвань, Польша, Бахрейн, Камбоджа мен Үндістан да енген.
Есесіне, он жыл ішінде Мысырды іздеу сұраныстарының саны 84,8 пайызға төмендепті. Сонымен қатар Тунис (–71,2 пайыз), Түркия (–67,04 пайыз), Франция (–54,34 пайыз) мен Бразилияның (–49,46 пайыз) да интернет-танымалдығы күрт түскен. Бір атап өтерлігі, бұл тізімге Ресей (–4,36 пайыз) де еніпті.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу