KZ
Өскемен
+13°
переменная облачность жел 1 м/с, С
478.93 534.96 5.16

"Күршім арыстандары", "Зайсан бүркіттері". ШҚО-да «Altay Kids Cup-2019» өтіп жатыр"

15.04.2019, 04:54 186

Шығыс Қазақстанда жеңіл атлетикадан балалар арасындағы «Altay Kids Cup-2019» додасының бірінші кезеңі аяқталды. Осымен екінші рет ұйымдастырылып отырған жарыс былтырғыдай үш кезеңнен тұрады, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

Жалпы, сәуірдің 8-і мен 13-і аралығында өткен бәсекенің алғашқы турына облысымыздың 670 мектебінің 20 мыңға жуық оқушысы қатысты.

Айта кетейік, өскелең ұрпақты жеңіл атлетикамен шұғылдануға шақыратын «Altay Kids Cup» сайысы облыс әкімі Даниал Ахметовтің тікелей тапсырмасы бойынша қолға алынған бастама. Жарысты өткізуге «Altay Athletics» тұңғыш қазақстандық кәсіби жеңіл атлетика клубы атсалысуда.

Турнир ережесіне сай, жас жеңілатлеттер алдымен салмағы 150 грамдық допты лақтыру, 60, 500 және мың метрге жүгіру, сондай-ақ ұзындыққа секіруден ұйымдастырылатын сайыстарда сынға түседі.

Ал екінші кезең келесі аптада, яғни 22 сәуірде басталып, өңірдің 19 ауданы мен қаласында 27 сәуірге дейін жалғаспақ. Бұдан кейін 5 мамырда доданың финалы күтіп тұр. Өскемендегі Ольга Рыпакова атындағы жеңіл атлетика орталығында өтетін ақтық сынға жарыстың алғашқы екі кезеңінен сүрінбей өткен 300-ден астам балақай қатысады. Жеңімпаздар былтырғыдай мақтау қағаздарымен, медальдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталмақ. Осы ретте 2018 жылғы турнирдің үздіктері ұялы телефондарға ие болғанын айта кеткен абзал.

Бір қызығы, биылғы жарысқа қатысушы командалар белгілі бір аңдардың аттарын иеленіпті. Мәселен, Күршім ауданының балақайлары жарыс жолына «Күршім арыстандары» деген атпен шықса, зайсандықтар «Зайсан бүркіттері» болып сынға түсуде.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив