KZ
Өскемен
+23°
переменная облачность жел 4 м/с, В
478.93 534.96 5.16

«AltayKidsCup» жарысының алғашқы кезеңі өтті

27.09.2018, 09:12 75


Қыркүйектің 17-сі мен 22-сі аралығында облысымыздың 671 мектебінде жеңіл атлетикадан балалар арасындағы «AltayKidsCup» сайысының алғашқы кезеңі өтті, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.


Облыстық денешынықтыру және спорт басқармасынан хабарлағандай, өскелең ұрпақты жеңіл атлетикамен шұғылдануға шақыратын «AltayKidsCup» сайысы аймақ басшысы Даниал Ахметовтің тікелей тапсырмасы бойынша қолға алынған бастама екен.


Жарыс ережесіне сай, жас жеңілатлеттер алдымен доп лақтыру, 60 метрге жүгіру және ұзындыққа секіруден ұйымдастырылатын сайыстарда сынға түседі. Биылғы доданың алғашқы кезеңіне 20 мыңнан астам балақай қатысыпты. Ал екінші кезең ертең, 28 қыркүйекте басталып, өңірдің 19 қаласы мен ауданында 27 қазанға дейін жалғаспақ.


Бұл кезеңнің бірінші сайыстары Риддер қаласы, Абай, Глубокое және Шемонайха аудандарында өтеді.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив