KZ
Өскемен
туман жел 1 м/с, С
478.93 534.96 5.16

«Altay Kids Cup-2018» жүлдегерлері бағалы сыйлықтарға ие болды

6.11.2018, 16:45 142


Өскеменде «Altay Kids Cup-2018» жарысының финалдық кезеңі мәресіне жетті. Биыл аймақ басшысы Даниал Ахметовтің бастамасымен тұңғыш рет қолға алынған жарыстың кезеңдеріне облыстағы 10 мен 15 жас аралығындағы 20 мыңнан астам балалар қатысты.


«Altay Athletics» кәсіби жеңіл атлетика клубының спорт менеджері Мірболат Толқамбаевтың айтуынша, жарыс швейцариялық әдіс бойынша өткізіліп, үш кезеңнен тұрған додада Шығыс Қазақстанның 671 мектебінің оқушылары бақ сынаған-ды. Ал Өскемендегі Ольга Рыпакова атындағы жеңіл атлетика манежінде өткен финалдық кезеңге қалалар мен аудандардан 300-ге жуық жас спортшы жиналды.


Жарыс барысында балалар 60 метрге жүгіруден, сондай-ақ биіктікке секіру мен доп лақтырудан өзара мықтыны анықтады.


Осы ретте, облыстық жарыстың жеңімпаздары ұйымдастырушылар атынан ұялы телефон сияқты бағалы сыйлықтарға ие болғанын айта кеткен жөн.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив