KZ
Өскемен
+9°
ясно жел 2 м/с, З
482.86 533.17 5.08

Өскеменде Қазақстан тауындағы нысандарды жаңарту бойынша жоба әзірленеді

18.03.2019, 04:31 177

 

Өткен аптада Өскеменнің басты көрнекі орыны болып саналатын Қазақстан тауындағы ескерткіштердің ахуалы туралы жазған едік. Қала әкімі Жақсылық Омар аталмыш кешенге барып, мәселенің мән-жайымен танысты, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

 

Бұл туралы Өскемен әкімдігінің әлеуметтік желісіндегі ресми парақшасында жарияланып отыр.

 

Мемлекеттік нышандар тауындағы жағдайды айтып, дабыл қаққан қала тұрғындары болатын. Мұндағы ту да, монумен те қолайсыз ауа райына төзімсіз болғандықтан жиі бүлініп қалатыны белгілі. Табиғаттың мінезіне төтеп бере алмағаны нысандарды кей кездері бұзақы вандалдар да талқандап кететіні тағы бар.

 

Шаһар басшысы Жақсылық Омар таудағы нысандарды қайта толықтай жаңартуды қолға алған көрінеді. Ол кешенді қайта құру бойынша жоба әзірлеуді тапсырды. Жоба аясында барлық нысандар ауыстырылмақ. Сондай-ақ, жаңа нысандарды төзімді материалдардан жасау да жоспарланып отыр.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив