KZ
Өскемен
+20°
пасмурно жел 4 м/с, ОШ
443.44 480.51 4.88

Greenpeace рейтингі. Қазақстан экологиясы ең лас 20 елдің қатарында

12.03.2019, 11:52 168

 

Greenpeace халықаралық тәуелсіз экологиялық ұйымы 73 елдің ауа сапасына зерттеу жүргізіп, рейтинг жасады. Қазақстан соңынан санағанда 20 сатыда, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

 

Зерттеу барысында ауадағы адам денсаулығына зиян микробөлшектер анықталды. Осыған сәйкес, Қазақстан экологиясы ең нашар елдердің үздік жиырмалығын түгендеп тұр. Еліміздегі ауаның ластану көрсеткіші – 29,8.  

 

Айта кетейік, ең лас ауа Бангладеште. 97,1 көрсеткіші тіркелген.

 

Ал экологиясы ең таза елдердің көшін Исландия (5.0) бастап тұр. Одан кейінгі орындарға Финляндия мен Австралия жайғасты.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив