KZ
Өскемен
-5°
ясно жел 1 м/с, З
502.89 527.03 5.71

ШҚО-да балықшылар адасып кетті

19.12.2022, 09:24 373 Оразай Жеңісұлы

Шығыс Қазақстан облысының Ұлан ауданында балықшылар адасып кетті.

Сібе көліне балық аулауға барған үш азамат күн райының қолайсыздығына байланысты көлікке жете алмай қалған, деп хабарлайды Altaynews.kz.

Олар құтқарушыларға өздері хабар берген. Оқиға орнына Ұлан ауданының 13-ші өрт сөндіру бекетінің қызметкерлері барды.

«Төтенше қызмет өкілдері балықшыларды көлігіне жеткізіп, қандай да бір қауіптің алдын алу үшін жақын маңдағы Бозанбай ауылына дейін бастап барды» - деп мәлімдеді ШҚО ТЖД.

Естеріңізге саламыз, төтенше жағдай кезінде 112 нөміріне хабарласу қажет.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу