KZ
Өскемен
-14°
туман жел 2 м/с, С
502.89 527.03 5.71

Экологтар «Өскемен май зауытын» тексеруге барды

сурет ашық дереккөзден алынды

21.12.2022, 23:52 414 Оразай Жеңісұлы

Облыстық экология департаментінің басшысы Данияр Алиев «Өскемен май зауыты» ЖШС өкілдерімен кездесті.

Кездесу барысында кәсіпорын аумағында төтенше жағдай болғаны айтылды, деп хабарлайды  Altaynews тілшісі.

Естеріңізде болса, өскемендік белсенді азамат зауыт орналасқан аудандағы кәріз құдықтарына сілтілі май құйылып жатыр деп фото-бейне материалдар жариялап, дабыл қаққан еді. Кейінірек экология департаменті кәсіпорынға кезектен тыс тексеру жүргізетінін мәлімдеді.

Сол экологиялық тексеру бүгін басталды және департамент басшысы оқиғаның мән-жайын білу үшін кәсіпорын өкілдерімен және өтініш берген белсендімен кездесті.

Май зауыты директорының өндіріс жөніндегі орынбасары Александр Богородский  7 желтоқсанда кәсіпорын аумағында төтенше жағдай болғанын, соның салдарынан өнім канализацияға төгілгенін айтты. Көп уақыт өтпей зауыт қызметкерлері мен мердігер ұйым жағдайды түзеген.

Экология департаменті талдау және жоспардан тыс тексеру нәтижелері туралы қосымша хабарлайды.

 

 

 

 

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу