Шығыс Қазақстанда 500-ге жуық жәрмеңке өтті
ШҚО-да жыл басынан бері 500-ге жуық жәрмеңке өткізілді.
ШҚО-да азық-түлік қауіпсіздігі мәселелеріне ерекше назар аударылады. Бағаның өсуіне жол бермеу бойынша жұмыстар тұрақты түрде жүргізіледі, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
3 мыңға жуық ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер мен тауар сатушылар ең төменгі 7-10% сауда үстемесін қолдану туралы меморандумдар жасасты.
Бағаны тұрақтандыру бағдарламасы аясында биыл жасалған келісімшарттар:
- 2022 жылғы қарашадан 2023 жылғы мамырға дейінгі маусымаралық кезеңде 1,2 млрд. теңгеге 7,4 мың тонна жеміс-көкөніс өнімі;
- ерте жеміс-көкөніс өнімдерінің жазғы кезеңіне 160 млн. теңгеге 680 тонна;
- 1,9 млрд. теңгеге 3,7 мың тонна бакалея өнімі.
Бұл сатып алу азық-түлік бағасын реттеуге және облыстағы баға саясатын теңдестіруге мүмкіндік береді.
Сонымен қатар, ағымдағы жылдың басынан бері тауар айналымы 2,1 млрд теңгені құрайтын 473 ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өткізілді.