KZ
Өскемен
-9°
туман жел 1 м/с, С
498.69 522.23 5.79

62 млн. теңгеге 5 білім нысаны жөнделеді – ШҚО

шартты сурет

20.01.2023, 16:38 309 Оразай Жеңісұлы

Шығыс Қазақстан облысының Зайсан ауданында биыл бес білім нысаны жөнделеді.

Жөндеу жұмыстарына 62,2 млн теңге бөлінді, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

«2023 жылы бес нысанға ағымдағы жөндеу жүргізуге 62,2 млн. теңге бөлінді. Сондай-ақ барлық мектептерге көркем әдебиет сатып алуға 10 млн. теңге қарастырылған», - деді облыстық білім басқармасының басшысы Инесса Чернышова.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, өңірдің бас педагогы Зайсан ауданына жұмыс сапарымен барды. Кездесулерде 2025 жылға дейін 2 мектеп және 4 балабақша салынатыны айтылды.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу