Шығыста әскери-тергеу саласы туралы кітап шықты

Шығыс өңірінде әскерилердің қатысуымен ашылған қылмыстар жайлы тұңғыш кітап жарық көрді.
Семейде «Әскери-тергеу құқықтық тәртіп күзетінде» атты кітаптың салтанатты түрде лентасын қию рәсімі өтті, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
Бұл кітап - Қазақстан Республикасының әскери-тергеу саласы жайында жарық көрген алғашқы кітап.
Шығыс өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшысы, әскери бөлім командирлері мен ардагерлерінің қатысуымен өткен салтанатты шарада қызметте үздік деп танылған офицерлерге ҚР ІІМ бұйрығымен арнайы төсбелгілер табысталды.
Кітапта әскери тергеу саласының өткен тарихын тарқатып қана қоймай, «Қазіргі таңда жедел уәкілдер мен әскери тергеушілер қандай жұмыстар атқарып жүр? Әскери қоғамдағы алар орны қандай?» деген тақырыптарға кеңінен тоқталған. Сонымен қатар, кітапта әскери-тергеу органдарының құрылу тарихы баяндалып, Шығыс өңірлік әскери-тергеу басқарамасы жайлы бұқаралық ақпарат құралдарында, оның ішінде газеттер мен ақпараттық сайттарда шыққан мақалалар, телеарнаға берген сұхбаттары берілген. Шығыс өңірлік әскери-тергеу басқармасының қызмет барысындағы тыныс-тіршілігі, өткізілген түрлі қайырылымдық іс-шаралары мен офицерлеріміздің спорттық жетістіктері туралы да жазылған.
Кітапты жазуға арнайы шығармашылық топ құрылып, оған «Шығыс» өңірлік әскери тергеу басқармасында қызмет еткен ардагерлер және қазіргі таңда қызмет етіп жүрген офицерлер мен сержанттар тарихи деректерді, ардагерлер мен қызметте жүрген офицерлер жайлы ақпараттарды ұсынып, ашылған түрлі қылмыстар бойынша кеңесшілік еткен.
ҚР ІІМ Шығыс өңірлік Әскери тергеу
басқармасының ақпараты бойынша