Түркияға көмекке барған құтқарушылар марапатталды

Түркияда болған жер сілкінісінің салдарын жоюға барған ел құтқарушылары мемлекеттік және ведомстволық наградалармен марапатталды, деп хабарлайды Altaynews тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
Наградаларды ҚР Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин табыстап, құтқарушыларға алғыс білдірді.
- Офицерлер құрамы ІІ дәрежелі «Айбын» және «Құрмет» ордендерімен марапатталды. Қалғандары «Ерен еңбегі үшін» үкіметтік медальдары мен ведомстволық наградалар алды. Сонымен қатар, Түркияның құтқару операциясына қатысқандардың барлығына алғыс хаттар табысталды - деп мәлім етті Юрий Ильин.
Оқи отырыңыз