Өскеменде бүгін де ауа сапасы нашарлайды

«Қазгидромет» РМК ақпаратына сүйенсек, 24 наурыз күні тоғыз қалада ауа сапасы нашарлайды.
Қолайсыз метеорологиялық жағдай Қарағанды, Теміртау, Өскемен, Семей, Риддер, Ақтөбе, Шымкент, Астана және Алматы қалаларында болады, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
Қолайсыз метеорологиялық жағдай - атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.
Оқи отырыңыз