Шығысқазақстандық тұрғындарды сенбілікке қатысуға шақырады

17 қыркүйек күні еліміздің барлық өңірлерінде "World Clean up day 2022" — "Дүниежүзілік тазалық күні 2022" акциясын өткізу жоспарланған, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
ШҚО экология департаменті шығысқазақстандық тұрғындарға қалалар мен ауылдарды қоқыстан тазартуды ұсынады.
Іс-шараға қатысуға облыс тұрғындарымен қатар мемлекеттік органдар мен кәсіпорындардың қызметкерлері, еріктілер қозғалысына қатысушылар шақырылды.
- Сенбілікке шығып, аулаларды, аллеяларды, саябақтарды, көшелер мен жағалауларды ретке келтіруге атсалысыңыздар. Барлық жанашыр азаматтардың қатысуына қуаныштымыз, - делінген хабарламада.