Шемонаихадағы жарылыстың басты себептері белгілі болды
Шемонаиха қаласындағы газ баллондарына жанармай құю станциясында болған жарылыстың басты себептері белгілі болды.
Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифинг барысында Шемонаиха ауданы әкімінің орынбасары Алексей Ахаев айтты, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
Оқыс оқиғаның негізі себебі – қауіпсіздік техникасы ережелерін сақтамау.
Естеріңізге сала кетейік, 22 маусым күні сағат 13.00-де жанармай құю станциясында болған жарылыс салдарынан өрт шыққан болатын. Төтенше жағдай салдарынан 4 адам зардап шекті, жүргізуші мен оператор 100% дене күйігін алып, бірнеше күн өткенде көз жұмды.
Қазіргі уақытта аталған факт бойынша тергеу жүргізілуде.