KZ
Өскемен
+2°
ясно жел 3 м/с, СБ
482.86 533.17 5.08

Еске алу турнирінде оза шапқандар

Бүгін, 18:00 0 Төлеуғазы Жансая

Б. Сапарбаевты еске алуға арналған ІІ республикалық футбол ойыны өз мәресіне жетті, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі. 

Ашық турнирдің салтанатты жабылу кешіне көрнекті тұлға, мемлекет қайраткері Бердібек Сапарбаевпен Шығыс өңірінде иық тіресе қызмет істескен әріптестері және онымен өмірдің әр сәтін бірге бөліскен жары Қайша Сапарбаева  қатысты. 

«Бердібек Мәшбекұлы осы өңірдің өркендеуіне, қаланың дамуына өлшеусіз үлес қосқан қайраткер. Ол білікті басшы ретінде Қазақстанның сол кездегі 5 өңіріне, қазіргімен есептегенде 7 өңіріне өзінің ізін қалдырды. Бердібек Сапарбаев  мемлекеттік қызметкер ғана емес, біздің тәрбиешіміз, ұстазымыз болды», - деді Өскемен қаласы әкімі Жақсылық Омар. 

5 күн бойы Өскемен қаласында жасөспірімдер арасында тартысты дода, қызықты ойын өтті. Бұл турнирге қатысқан 6 команданың барлығы бір-бірімен жеңіс жолында бәйгелесті. Нәтижесінде ең көп ұпай жинаған команда қатарластарына шаң қаптырды. 

«Барлық қарсыластарымыз мықты болды. Әр жарыс тартысты өтті. Өзіміздің өскемендік  “ДЮСШ 2009” командасымен өткен ойын ең қиын ойын болды. Бірақ біз жеңіске жеттік», - дейді “ДЮСШ 2008” командасының орталық қорғаушысы  Әлішер Кенжебеков. 

Турнир қортындысы бойынша, 4 орынды Ақтөбе командасы алды. Оларға 100 мың теңге көлемінде сыйақы берілді. 3 орынды қостанайлық футболшылар қанжығалады. Тартысты ойындары мен жеңістерінің арқасында олар 400 мың теңге көлеміндегі қаржылай сыйлыққа кенелді. 3 орынды өскемендік “ДЮСШ 2009” командасы алып, 300 мың теңгеге ие болды. Бас жүлде “ДЮСШ 2008” командасына бұйырды. Олардың жеңісі 500 теңге көлеміндегі сыйақымен марапатталды. 

Ақерке Рағызбаева

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив