KZ
Өскемен
-2°
облачно с прояснениями жел 5 м/с, ОШ
493.85 519.04 4.97

Бүгін валюта бағамы қандай?

Фото: kapital.kz

27.07.2023, 09:30 190 Оразай Жеңісұлы

Ұлттық банк доллар мен рубльдің 27 шілдеге арналған бағамын белгіледі.

1 доллар – 444,29 теңге, Ресей рублі – 4,94 теңге, деп хабарлайды Altaynews.kz сайты.

Қазақстан қор биржасында 26 шілдеде кешкісін өткен сауда қорытындысы бойынша, доллардың орташа бағамы 0,72 теңгеге төмендеп, 444,35 теңге болған.

Kurs.kz мәліметінше, Астанадағы валюта айырбастау орындарында 1 доллар 443,6 – 447,6 теңгеден сатылып жатыр. Ал Алматыда доллар 444 – 447,5 теңге аралығында құбылып тұр. Дәл қазіргі уақытта ақша айырбастау орындарында Ресей валютасын 4,83 – 5,03 аралығында сатып алуға болады.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу