KZ
Өскемен
-3°
небольшой снег жел 6 м/с, Ю
493.85 519.04 4.97

19-шы шағын ауданға апаратын төте жол қашан ашылады?

Фото: Тілеубек Шаяхмет

4.08.2023, 10:28 394 Оразай Жеңісұлы

Қаныш Сәтбаев даңғылынан 19-шы шағын ауданға төте шығатын жолдың құрылысы тамыздың аяғында аяқталады.

Дәлірек айтсақ, бұл жолайырық Жібек Жолы көшесі мен Есенберлин даңғылын қосады, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Қала әкімі Жақсылық Омар құрылыс басына барып, мердігер ұйым – «Kurylys Group RK» ЖШС өкілдерімен пікір алмасты.

Кәсіпорын директоры Александр Андрейчуктің айтуынша, жол алтыжолақты болады. Жол бойына жаяу жүргіншілер өткелдері, тротуарлар мен веложолдар салынады. Учаскенің ұзындығы – 1570 метр.

– Қазір қиыршық тасты-мастикалық асфальтбетонның жоғарғы қабаты жабылып жатыр. Асфальттың негізгі қабатын жабуды тамыз айының соңына дейін аяқтауды жоспарлап отырмыз. Өткелдер, нөсер кәріздері сынды қалған жұмыстарды жыл соңына дейін аяқтаймыз, –  деді Александр Андрейчук.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу