KZ
Өскемен
-1°
облачно с прояснениями жел 3 м/с, З
492.22 529.38 5.03

Amanat партиясының мобильді топтары тұрғындардың мәселесін тыңдады – ШҚО

8.09.2023, 17:22 258 Ләззат Қанатқызы

AMANAT партиясының мобильді қоғамдық қабылдауы «Құқықтық көмек» жобасы аясында Өскемен және Риддер қаласы тұрғындарының жеке мәселелерін тыңдады.

Республикалық қоғамдық қабылдау бөлімінің кеңесшісі Ардан Аралбай, AMANAT партиясы ШҚО филиалының төрағасы Сайрангүл Жұмаділова, ШҚО Әділет департаментінің басшысы Айгүл Түктібаева, ШҚО бойынша жеке сот орындаушыларының өңірлік палатасының басшысы Санат Абдрахманов, сондай-ақ заңгерлер мен адвокаттар қала тұрғындарын қабылдап, сұрақтарына жауап берді, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

– Азаматтар сотта немесе басқа да мемлекеттік органдарда өз мүдделерін қорғай алмай жатады. Бүгінгі қоғамдық қабылдау кезінде осындай азаматтарға арнайы құқықтық көмек көрсетіліп, кеңес берілуде, – дейді Республикалық қоғамдық қабылдау бөлімінің кеңесшісі Ардан Аралбай.

Облыс орталығының тұрғындары сот шешімімен келіспеу, алаяқтық және «ҚР зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы мәселелер көтерген.

Ал Риддер қаласында өткен қоғамдық қабылдау кезінде тиісті басқармалардың басшылары мен орынбасарлары қаладағы өзекті мәселелер бойынша тұрғындардың арыз-шағымын тыңдады.

– Риддер – Астана бағыты бойынша темір жол қызметі қалпына келтірілсе. Себебі біз елордаға бару үшін Өскемен қаласы арқылы жүруге мәжбүрміз. Қазір көбінің баласы сонда білім алып, жұмыс істеп жатқандықтан халық та көп қатынайды, – дейді қала тұрғыны Зинаида Либерзон.

Мобильді қоғамдық қабылдау әрбір азаматтың өтінішін назардан тыс қалдырмайды және оны заң шеңберінде шешуге ықпал етеді. Ал қалалық, облыстық және республикалық деңгейде қаралатын мәселелерді тиісті мемлекеттік органдармен бірлесіп шешетін болады.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив