KZ
Өскемен
+6°
облачно с прояснениями жел 6 м/с, ОШ
488.11 530.09 5.01

ШҚО-да такси қызметінің құны төмендеді

фото: turanpress.kz

7.12.2023, 10:31 199 Оразай Жеңісұлы

Қазақстанда такси қызметінің құны күрт өскен, деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі.

Ұлттық статистика бюросының деректеріне сүйенсек, такси қызметі бизнесінің кірісі 2023 жылы қаңтар-қазан аралығында 4,7 миллирад теңге болған. Бұл былтырғы кезеңмен салыстырғанда 20,7 пайызға жоғары.

Осылайша республика бойынша такси қызметі бір жыл ішінде 11,3 пайызға қымбаттаған. Салыстырып қарайтын болсақ, былтыр баға 9,7 пайызға өскен.

Такси тарифтері Алматыда айтарлықтай өскен – 40,5 пайыз. Одан кейін Ақтөбе (22,1 пайыз) және Абай (13,3 пайыз) облыстары тұр.

Батыс Қазақстан облысы мен Астанада такси ақысы 1,8 пайызға ғана өскен. Қарағанды ​​облысында баға жыл бойы өзгермеген. Ал Шығыс Қазақстан облысында тіпті 6 пайызға төмендеген.

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив