KZ
Өскемен
-7°
переменная облачность жел 5 м/с, В
516.93 542.52 4.98

Шығыс Қазақстанда қатты аяз болады

Фото: livemaster.ru

13.12.2023, 16:14 238

«Қазгидрометтің» ақпараты бойынша 14 желтоқсанда облыстың солтүстігінде, шығысында 40 градусқа дейін аяз күтіледі, деп хабарлайды Altaynews.kz сайты.

Шұғыл болмаса, үйден шықпауға тырысыңыз. Жолға шығарда автожолдардың жай-күйін нақтылаңыз. Көлігіңізді жолға дайындап, өзіңізбен бірге байланыс құралдары мен қуаттандырғыш ұмытпаңыз. 

- Үйіңізде пеш жаққанда және қосымша электр жылытқыштарымен пайдаланғанда өрт шығу қатерінен абай болыңыз. 
Қозғалтқышты жылыту үшін ашық отты пайдаланбаңыз және суық күндері машинаның электр жабдықтарына өз бетінше жөндеу жүргізбеңіз, - деп хабарлайды ШҚО ТЖД баспасөз қызметі.

Төтенше жағдай кезінде 112 нөміріне хабарлаңыз.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу