KZ
Өскемен
-22°
пасмурно жел 2 м/с, Ю
522.42 543.89 5.28

Шығысқазақстандық жастар Президенттің сұхбатын талқылады

6.01.2024, 12:02 169 Ләззат Қанатқызы

Өңірдегі белсенді жастар Шемонаиха ауданындағы Гуманитарлық-техникалық колледжінің студенттерімен бірлесіп TED форматында кездесу өткізді.

Шара барысында жастар ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың "Egemen Qazaqstan"газетіне берген сұхбатын талқылады, деп хабарлайды  Altaynews.kz тілшісі.

Қатысушылар жастар саясаты саласында жас буынның атқарушы және заң шығарушы билікке жол ашқан кешенді шаралар қабылданғанын атап өтті.

- Көптеген өзекті мәселелер де өз шешімін тапқан. Әсіресе, жастарды жұмыспен қамту. Мәселен, 2023 жылы Шемонаиха ауданында "Жасыл ел" жобасы аясында 60 адам жұмысқа орналастырылды, NEET санатындағы 10 адам 13,8 млн теңге сомасында қайтарымсыз грант алған. Өз ісін дамыту үшін жас кәсіпкерлерге 2,5% несие берілді, - дейді қатысушылар.

Жас белсенділер Мемлекет басшысы алға қойған мақсаттарды берік ұстанып, ел экономикасын дамытуға ат салысу керектігін атап өтті.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу