Рулі оң жақтағы көліктерді бөлшек ретінде әкелуге уақытша тыйым салынды
фото: rally36.ru
Елімізге рулі оң жақта орналасқан автокөліктерді бөлшек күйінде кіргізуге 6 айға тыйым салынды, деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі Zakon.kz-ке сілтеме жасап.
Өнеркәсіп және құрылыс министрі 2023 жылғы 29 желтоқсандағы «рульдік басқару және олардың шанақтары оң жақта орналасқан жеңіл автомобильдердің жекелеген түрлерін әкелуді реттеудің кейбір мәселелері туралы» бұйрыққа қол қойды.
«Рульдік басқаруы оң жақта орналасқан жеңіл автокөліктерді Қазақстан Республикасының аумағына бөлшектелген түрде алты ай мерзімге әкелуге тыйым салу енгізілсін», -делінген құжатта.
Бұйрық ағымдағы жылдың 16 қаңтарынан бастап күшіне енеді.