Өскеменде подъезде дәрет сындырған жасөспірім ұсталды
фото: otyrar.kz
Облыс орталығында жасөспірім тұрғын үй кешендерінің бірінің кіреберісінде дәрет сындырған. Әлеуметтік желілерде бейнежазбасы тараған бұл оқиғаны полиция қызметкерлері тексеріп, тәртіп бұзушыны анықтады, деп хабарлайды Altyanews.kz тілшісі.
«Оқиға 7 қаңтар күні таңертең Лихарев көшесінде болған. Бір топ жасөспірімдер бөгде үйдің подъезіне кірген. Бұзақылық жасаған жасөспірімнің барлық әрекеттері бейнебақылау камераларына түсіп қалған, содан кейін интернет желісіне жарияланған. Сол күні полицейлер құқық бұзушының жеке басын және тұрғылықты жерін анықтады», - деп мәлімдеді облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінде.
Тәртіп сақшыларының айтуынша, 16 жастағы жеткіншек бұзақылығымен қатар түнгі уақытта көшеде жүргені үшін де айыпты болып отыр. Сондықтан оның анасының атына екі хаттама толтырылды.
Оқи отырыңыз