KZ
Өскемен
+6°
облачно с прояснениями жел 6 м/с, ОШ
488.45 529.19 5.04

Көлік ұрлаған адам бейнебақылау камерасы арқылы ұсталды

12.01.2024, 15:03 166 Айна Ескенқызы

Өскемендік азаматтың ТҚС-қа жөндеу үшін  қалдырған «Suzuki» маркалы автокөлігін көлік жөндеушінің өзі ұрлап кеткен.

Алайда  бейнебақылау камерасына түсіп қалған күдіктіні полиция қызметкерлері тоқтатқан. Көлікті айдап әкетуші  29 жастағы көлік жөндеуші екені және ол мас күйде болғаны анықталды, деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі.

-Ер адамға қатысты келуге міндеттеу түріндегі процестік мәжбүрлеу шарасы таңдалды. Автокөлікті ұрлау фактісі бойынша ҚР ҚК-нің 200- бабынің 1-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу басталды, ал жүргізушіге қатысты көлік құралын масаң күйде басқарғаны үшін ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабы бойынша әкімшілік хаттама толтырылды, - деді ШҚО полиция департаментінде.


Бейнебақылау камералары қылмыстарды «ізін суытпай» ашуда және құқық бұзушылықтардың алдын алуда үлкен көмек көрсететінін айта кеткен жөн. 2023 жылы бейнебақылау арқылы 141 қылмыс, оның ішінде 12 тонау, 10 бұзақылық, 51 ұрлық және 18 айдап әкету қылмысы және ағымдағы жылдың басынан бері 4 қылмыс ашылды.

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив