KZ
Өскемен
+4°
облачно с прояснениями жел 5 м/с, ОШ
488.45 529.19 5.04

Wildberries қоймасындағы өрт: компания 16 қызметкерімен байланыса алмай жатыр

Фото: akket.com

15.01.2024, 12:41 259

13 қаңтарда, сенбіде қоймасы өртенген Ресейдегі Wildberries компаниясының өкілдері қазіргі уақытта 16 қызметкерімен байланысқа шыға алмай отыр, деп хабарлайды Altaynews.kz сайты компанияның Telegram-арнасына сілтеме жасап.

 

2014 жылдан бері Wildberries интернет -дүкені Қазақстанда да жұмыс істеп келеді,

 

 

Хабарламада қазіргі уақытта компания Санкт-Петербургтегі өртенген қоймада жұмыс істеген 16 қызметкердің орналасқан жерін анықтауға тырысып жатқаны хабарланған. Кеше кешке Wildberries РИА Новостиге өрт кезінде қоймада болған 54 адаммен хабарласа алмай жатқанын хабарлаған. Компания бұл адамдардың кейбірі жеке заттарын, соның ішінде телефондарын қоймада тез және қауіпсіз жерге жету үшін қалдырып кеткенін түсіндірген. Кеше күндіз құтқарушылар құрылымдарды бөлшектеу жұмыстарын жүргізетінін хабарлаған. Еске салайық, 13 қаңтарда таңертең Шушарыдағы Wildberries қоймасында (Санкт-Петербургтің Пушкин ауданы құрамындағы ауыл) өрт болған еді. Ресей ТЖМ деректері бойынша, қойма кешеніндегі өрт алаңы 50 мың шаршы метрге жеткен.

 

 

 Компанияның ресми сайтында Wildberries-тің 2004 жылы құрылғаны айтылған.

 

 

Жанаргүл Мұқатай

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив