ШҚО-да кәсіптік аурулар қай ауданда көп тіркелген?
фото: istockphoto.com
2023 жылы кәсіптік аурушаңдық деңгейі 2022 жылмен салыстырғанда 1,1 есе өсті, деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі.
Облыстық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің ақпараты бойынша, өткен жылы Шығыс Қазақстан облысының кәсіпорындарында кәсіптік аурулардың 201 жағдайы тіркелген. Бұл өткен жылдың деңгейіне қарағанда 1,1 есеге жоғары немесе 19 жағдайға артқан.
Негізінен кәсіптік аурулар Риддер, Алтай, Глубокое және Шемонаиха аудандарының кәсіпорындарында, жекелеген жағдайлар облыс орталығы Өскеменде тіркелген.
Айжанат Бақытқызы