KZ
Өскемен
+1°
туман жел 4 м/с, Ю
494.87 520.65 4.91

Еңсетүзеткіш ойлап тапқан өскемендік оқушы ШҚО-ның нейрохирургтерімен кездесті

22.01.2024, 11:08 246

Бұған дейін біз, Өскемендегі Назарбаев зияткерлік мектебінің оқушысы Әбілмансұр Жүніскенов осындай өнертабыс ойлап тапқанын жазғанбыз. ШҚО әкімі Ермек Көшербаев нейрохирург-мамандармен кеңесе отырып, стартап-жобаны дамыту қажет екенін атап өткен болатын.

Жақында Әбілмансұр ШҚО мамандандырылған медициналық орталығының инновациялық медицина бөлімінде болды. Облыстың жетекші нейрохирургтары Юрий Старокожев, Жандос Уап, Дмитрий Недбайло, Мұхтар Қорабаев өнертабыстың бірегейлігін және оның медицинада қалай көмектесе алатынын атап өтті, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Жас өнертапқыш дәрігерлерге өз жобасын таныстыра отырып, інісіне көмектесу туралы ой оны осындай құрылғы жасауға итермелегенін айтты.

– Ол кітап оқығанда немесе гаджетпен жұмыс істеп отырғанда үнемі еңкейеді. Алқа түріндегі жеңіл түзеткіш еңсені тіктеп ұстауға мүмкіндік береді. Кітаптың бетіне сұрақ белгісіндей иілген кезде  құрылғы бірден сигнал береді, смартфонмен жұпта жұмыс істейді, ол үшін өте қарапайым қосымшаны әзірледім, – дейді Әбілмансұр Жүніскенов.

ШҚ мамандандырылған медициналық орталығы инновациялық медицина бөлімінің меңгерушісі Жандос Уаптың айтуынша, бұл құрылғы дәл қазір өте өзекті. Өйткені, құрылғыны үйде де, медициналық мекемелерде де терапия сеанстарында қолдануға болады. Толық пайдалану үшін функционалдылықты жетілдіру қажет. Олар бұған көмектесуге, бағыттауға, кеңес беруге дайын.

– Әрине, бұл технология мектеп оқушыларында, әсіресе бастауыш сынып оқушыларында омыртқаның қисаюы және омыртқаның басқа проблемаларының болмауына көмектеседі. Сондай-ақ бұл қызметі компьютермен байланысты ересектерге де пайдалы, – деп атап өтті Юрий Старокожев.

Айна Ескенқызы

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу