ШҚО Киберполы алаяқтар туралы ескертудің ерекше әдісін тапты
ШҚО ПД
Бүгін ШҚО-ның дүкен сөрелерінде ақпараттық QR коды бар сүт өнімдері пайда болды.
Ондағы мақсат – адамдарды алаяқтардың айла-амалдарынан қорғау, деп хабарлайды Altainews.kz сайты.
Шығысқазақстандықтар сүт өнімдері қаптамаларынан алаяқтық әдістері туралы ақпарат ала алады.
- ШҚО ПД Киберполы «Восток Сүт» корпорациясының өнімдерінің әрбір қаптамасына QR код орналастырды. Сатып алушы оны сканерлеу арқылы қылмыскерлердің түрлері мен әдістері, сондай-ақ олардан қалай қорғану керектігі туралы барлық ақпаратты біле алады, - деп хабарлады ШҚО ПД баспасөз қызметі.
Тәртіп сақшылары ескертудің бұл түрі мүмкіндігінше көп адамды алаяқтардың жаңа айла-амалдарынан қорғауға мүмкіндік беретініне сенімді.
ШҚО Полиция департаменті облыста «Тоқта алаяқ» жедел-профилактикалық іс-шарасы жалғасып жатқанын еске салады. Егер интернет-алаяқтардың құрбаны болсаңыз, дереу «102» арнасына хабарласу қажет.
Оқи отырыңыз
ШҚО-да "Тоқта алаяқ" жедел-профилактикалық іс-шара басталдыПолиция ТМК қызметкерлерімен алаяқтық туралы әңгімелесті – ӨскеменТоқта, алаяқ! ШҚО-да жедел-профилактикалық іс-шара басталды (видео)Семей тұрғыны жүргізуші куәлігін оңай жолмен алмақ болып, алаяққа алдандыӨскеменде жүргіншілер жолына интернет алаяқтық туралы хабарлама жазылды