KZ
Өскемен
+29°
переменная облачность жел 2 м/с, З
439.43 473.31 4.82

Өскемендіктер Қазақстан көшесін абаттандыруға қатысты ұсыныстарын білдіре алады

Өскемен қаласы әкімдігі

3.02.2024, 16:10 132 Назерке Каримова

Шаһар басшысы қала көшелерін жөндеу жұмыстарына қатысты тұрғындардың пікірін ескермек.

 

Өскемен қаласы әкімдігінің 2024 жылы атқарылуы тиіс жұмыстар жоспарында Қазақстан көшесін абаттандыру қарастырылған, деп хабарлайды Altainews.kz сайты.

 

- 2024 жылға арналған жұмыс жоспарының ішінде маңыздыларының бірі - Қазақстан көшесін абаттандыру. Жаяулар жүретін тротуарларды жөндеу мен үйлердің қасбетін жаңарту жұмыстарын бірыңғай стильде жүргізу көзделіп отыр, - дейді Жақсылық Мұқашұлы. - Сонымен қатар, әлеуметтік және коммерциялық нысандарды безендіру үшін дизайн-кодын енгізу қолға алынады. Жақында біздің мамандар эскиздік жобалармен жұмыс істеуді бастайды. Осы орайда мен жерлестеріміздің пікірін білгім келеді. Ең әуелі қандай сәттерге назар аудару керек? Жалпы орналасу стилі қандай болуы керек?


         

Яғни, бұл Қабанбай батыр көшесінен Мызаға дейінгі және орталық универсам алдындағы учаскелерге қатысты.

 

Халық өз ұсыныстарын қала басшысының инстаграм әлеуметтік желісіндегі жеке парақшасындағы жазба астында қалдыра алады. Сондай-ақ, сауална осы көше бойында орналасқан аулалардың тұрғын үй чаттарында да жүргізілмек.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив