Полиция Шемонаиха тұрғынын алаяқтың арбауынан сақтап қалды
freepik.com
Оған хабарласқан алаяқтар ұялы телефонына белгісіз қосымшаны орнатуды нұсқаған.
1 ақпаннан бастап ШҚО ПД «Тоқта алаяқ» жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізуде, деп хабарлайды Altainews.kz сайты.
Бұл өңір тұрғындарының құқықтық сауаттылығын арттыруға, интернет-алаяқтық түрлері мен әдістері туралы ескертуге бағытталған.
Полиция қызметкерлері 8 күн ішінде аймақтағы үй-үйді аралап, 30 000-нан астам тұрғынға түсіндіру жұмыстарын жүргізген. Осылайша Шемонаиха ауданы тұрғынын алаяқтардың құрбаны болудан сақтап қалды.
Сондай-ақ, тәртіп сақшылары eGov mobile қосымшасы арқылы несиені уақытша тоқтату туралы өтініш беруге көмектескен.
Полиция департаменті облысымыздың барлық азаматтарын қырағы болуға және осындай құқық бұзушылықтарға тап болған жағдайда жедел 102 арнасына хабарласуға шақырады.
«Тоқта алаяқ» ЖПІШ 20 ақпанға дейін жалғасатынын еске сала кетейік.