KZ
Өскемен
+21°
пасмурно жел 3,5 м/с, З
481.84 531.33 5.07

ШҚО полициясы жолда қалған көлік жүргізушілеріне ыстық шай таратты

freepik.com

17.02.2024, 09:00 206 Назерке Каримова

Тәртіп сақшылары халықты осындай қылытаяң шақтарда бір-біріне қайрырымдылық танытуға шақырады.

Бір аптаға жуық уақыт бойы ШҚО-да дауылды ескерту жарияланып, қолайсыз ауа райы сақталып отыр, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Алғашында қалың қау жауса, қазір аймақта температураның -35 градусқа дейін күрт төмендеуі байқалады. Осыған байланысты таңертең облыстың автожолдарында көлік құралдарына бірқатар шектеулер енгізілді.

Сондықтан "Өскемен-Алматы" тас жолында 30-дан астам дизельді ауыр жүк көліктері жолға шығуға рұқсат күтіп тұр.

- Патрульдік полиция қызметкерлері жүргізушілердің жағдайына бейжай қарамады. Бір күн ішінде, шектеулер енгізілген сәттен бастап, тәртіп сақшылары жүргізушілерге ыстық шай және жаңа піскен кондитерлік өнімдерді таратып, қолайсыз ауа райында осындай көмек қолын созды, - деп хабарлады ШҚО ПД.


Полицейлер ауа райының осындай тосынсыйлары кезінде азаматтарды "жылылық” танытуға және бір-біріне көмектесуге шақырады.

Синоптиктер аптаның соңына дейін қатты аяз болатынын болжады.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив