Өскемен әкімі Тарханкадағы өрт тұтанған жерге барды

Өскемен әкімі Тарханкадағы өрт тұтанған орынға барды, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
– Облыс әкімінің тапсырмасы бойынша Өскемен әкімшілігі өрт сөндірушілерге кез келген қажетті қолдауды көрсетеді. Өрт тұтанған жерлерге қаланың коммуналдық кәсіпорындарының техникасы жіберілді. Олар су тасымалдауға және өрт сөндірушілерді ауыз сумен қамтамасыз ету мақсатында пайдаланылады, – деді қала әкімі Жақсылық Омар.
Қаладан 35 гектар аумағы өртке оранған Тарханкаға бес, Каменный карьер ауданына бес техника жіберілді.
Төрт өрт сөндіру техникасы Ұлан ауданына Ахмер полигоны жаққа жіберілді.
Ал қала ішіндегі жағдайды бақылау үшін мониторингі ұйымдастырылды. Мамандар өрт тұтануы мүмкін деген орындарды тексеріліп жатыр.