Глубокое ауданында гидрологиялық жағдай бақылауда
Глубокое ауданында гидрологиялық жағдай тұрақты. Өзендерде су деңгейі қауіпті белгіден төмен, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
ШҚО ТЖД мәліметінше, су тасқыны қаупі бар елді мекендердегі шағын өзендер мен бұлақтардың арнасы, арықтар мен су өткізу құрылыстары тазартылып, тереңдетілген.
Ауданның барлық қызметтері толық дайындықта. Атап айтқанда, су деңгейі көтерілген жағдайда, 170 адамнан тұратын жергілікті атқарушы органдар мен азаматтық қорғау қызметтерінің күштері мен құралдары, 144 бірлік техника, 2 қайық пен 29 мотопомпа, сондай-ақ 100 тонна инертті материал дайындалған.
«Бұлақ суының деңгейі қалыпты жағдайда. Ауылдық округ әкімдігінің ұйымдастыруымен инертті материал салынған қаптар дайын тұр. Су деңгейі көтерілген жағдайда бұлақтың жағасы нығайтылатын болады»,- деді Глубокое ауданы Предгорное ауылының тұрғыны Наталья Щепина.
Оқи отырыңыз