Азия чемпионатында қазақстандық велошабандоздар 4 жүлде иеленді
![](/kz/uploads/posts/2024-06/photo1717940589.webp)
instagram/sport_comiteti
Алматы қаласында тас жолдағы велоспорттан Азия чемпионаты өтіп жатыр.
Қазақстандық велошабандоздар 1 алтын, 1 күміс, 2 қола жеңіп алды, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі ақпаратына сүйеніп.
Ерлер арасындағы жекелей сында Евгений Федоров мәреге 49:46 секундта жетіп, чемпион атанды. Одан кейінгі сатыға тағы бір отандасымыз Дмитрий Груздев (50:20) жайғасты. Үшінші орында жапониялық Юкиа Арасиро (51:20)тұр.
U23 санатында қатысқан Ақпейіл Өсім 20 км қашықтықты 29:58 уақытта өтсе, ал ересектер арасында бақ сынаған Рината Сұлтанова 29:28 секундта бағындырды. Нәтижесінде бұрымдыларымыз қос қоланы қоржынға салды.