KZ
Өскемен
+28°
ясно жел 2 м/с, ОШ
475.7 529.12 5.18

ШҚО: кәріз жүйелерін тазарту кезең-кезеңімен жүргзіледі

15.07.2024, 23:10 336 Анель Слямғазықызы

Шығыс Қазақстан облысының кәріз жүйелерін тазарту жұмысы кезең-кезеңімен жүзеге аспақ. Жалпы облыс бойынша 16 кәріз жүйесі бар, оның  7-і қалалар да болса, 9-ы ауылдарда орналасқан. Бүгінгі таңда олардың 70% - дан астамының тозғандығын энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының сумен жабдықтау және су бұру бөлімінің басшысы айтты, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі. 

Облыс әкімінің тапсырмасын орындау мақсатында энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы Шығыс Қазақстан облысының Экология және санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменттерімен бірлесіп, кәріз тазарту құрылыстарының бағалау аудитін жүргізу үшін жұмыс тобын құрған.
– Кәріз жүйелерінің тозуы 70% - дан асады. Сонау 1960-1980 жылдары салынған тазарту қондырғылары жаңартуды немесе толық қайта құруды қажет етеді. Кәріз тазарту жүйелеріндегі қызметкерлердің жалпы саны 341 адамды құрайды, штат бойынша 389 адам. Мемлекеттік сектордың коммуналдық кәсіпорындарында кадрлардың тапшылығы  байқалыып отыр. Салыстырмалы түрде айтар болсақ жеке кәсіпорындардың өндірістік персоналының орташа жалақысы 281,9 мың теңге, мемлекеттік коммуналдық кәсіпорындардың орташа жалақысы 145-201 мың теңге аралығында, – дейді энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының сумен жабдықтау және су бұру бөлімінің басшысы Рауан Телманұлы.
Энергетика және ТҮКШ басқармасы қалалар мен аудандардың әкімдіктерімен бірлесіп қуаттылығы 100-ден 1000 кВт-қа дейінгі 9 кәріз жүйелерін тазарту үшін 20 дизельді электр станциясы қажет болға. Баспасөз жиыны барысында бүгінгі күні оларды сатып алу үшін өтінімдер мен есеп жұмыстары дайындалуда екенін айтты.
Жалпы қолданыстағы заңнамаға сәйкес, кәріз жүйелерін тазарту жұмыстары жоғары қауіпті объектілерге жатады және міндетті мемлекеттік экологиялық бақылауға жатады. Экология және санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменттері жұмыс тобы шеңберінде тазарту жұмыстарына тексеру жүргізген. Нәтижесінде басқарма әкімдіктермен бірлесіп 2024 жылдың 1 қазанына дейін анықталған бұзушылықтарды жою жоспарын әзірлеген. Кәріз жүйелерін жаңғырту және реконструкциялау бойынша кешенді шаралар жүргізудің маңызы зор. Өйткені бұл ағынды суларды тазарту тиімділігін арттырады және қоршаған ортаға жағымсыз әсерлерді азайтады.
Сондықтан да Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс министрлігімен бірлесіп 2023-2028 жылдарға арналған қалаларда қайта құру объектілерін кезең-кезеңімен іске асыру бойынша Жол карталарын әзірледі. Оған 4 қала, яғни, Өскемен, Риддер, Алтай қалалары кірген.
Бұдан басқа, 2025-2028 жылдары әкімдіктермен 6 ауылда (Жаңа Бұқтырма, Глубокое, Белоусовка, Алтай, Күршім, Ақжар) орналасқан кәріз жүйелерін қайта жаңарту жоспарланған. 
Ал Зайсан қаласы бойынша кәріз жүйелерін қайта құру 2015 жылы орындалған және олардың техникалық жағдайын жақсы. Сондай-ақ Шемонаиха қаласы мен Усть-Таловка кентіндегі кәріз жүйелері жеке меншікте. 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив