Қауіпті жерде суға шомылған балалардың ата-анасы жауапқа тартылды – ШҚО
Шығыс Қазақстан облысында полиция қызметкерлері рұқсат етілмеген жерде суға шомылған балалардың ата-анасын жауапқа тартты, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
Шомылу маусымы басталғалы бері өңірдегі жағажайларда күн сайын рейд жүргізілуде. Мұндай іс-шаралар үнемі жүргізілсе де, демалушылар қауіпсіздік ережелеріне салғырт қарап жатады. Мәселен, Алтай ауданында рейд жүргізген азаматтық қорғаныс басқармасының өкілдері кәмлет жасқа толмаған балалардың өнеркәсіптік шұңқырлардағы суға шомылып жүргені анықтады.
Мамандар балалармен профилактикалық әңгіме жүргізді. Ал олардың ата-аналарына ӘҚБтК-нің 364-бабы бойынша әкімшілік хаттама толтырылды.
Балауса Қожаева
Фото: ШҚО ТЖД