Сауда министрі кәсіпкерлермен кездесті - ШҚО
Шығыста жұмыс сапарымен жүрген Сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев облыстың бизнес қауымдастығымен кездесіп, кәсіпкерлерді толғандырған сұрақтарға жауап берді, деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі.
Облыс әкімдігінде өткен жиын барысында ведомство басшысына сан алуан сұрақ қойылды. Оның ішінде бизнесті қолдау мақсатында мемлекет тарапынан қабылданып жатқан іс-шараларға қатысты сауалдар да болды. Cондай-ақ, сауда нысандарын модернизациялау, экспорттық баж салығы, уақыт белдеуінің ауысуы сияқты мәселелер да қаузалды.
– Жергілікті бизнес қауымдастықты толғандыратын нәрсе көп екен. Енді соны бірлесіп шешудің жолдарын қарастыруымыз керек. Жалпы, мұндай кездесулердің екі тарапқа – кәсіпкерлерге де, министрлігімізге де берері мол. Осындай басқосуларда кері байланыс орнап, салаға қатысты көптеген түйткілді проблеманың басы ашылады. Негізі, Шығыс Қазақстанның экспорттық әлеуеті өте жоғары екенін айтқым келеді. Өзінің табиғилығымен, жоғары сапасымен ерекшеленетін жергілікті азық-түлік тауарларына республикамызда ғана емес, көршілес елдерде де сұраныс жоғары. Әсіресе, қазіргі уақытта Қытай елінің нарығын игеруге басымдық беруіміз қажет. Мұны Мемлекет басшысы да айтып отыр, – дейді министр.
Оқи отырыңыз