KZ
Өскемен
-22°
плотный туман жел 1 м/с, С
502.47 525.83 5.68

Тарбағатайда оқушылар көпірі жоқ өзеннен өтіп жүр (видео)

4.11.2020, 09:15 120

Тарбағатай ауданы Жаңалық ауылының оқушылары мектепке өзеннің бетіне жалғастырып тасталған тақтайлармен өтіп барып жүр. Тұрғындар аудан әкімдігіне бірнеше рет шағым түсірген.

Жуықта тұрғындардың бірі «фейсбук» желісінде видео жариялады. Видеода көрсетілгендей, өзен суы тақтайлардың бетінен асып ағып жатыр.

Біздің анықтауымызша, Ақжар ауылдық округіне қарасты Жаңалық ауылында 150 отбасы бар. Ауыл өзеннің екі жағында орналасқан. Өзеннің екінші бетінде 16 үй тұрады. Сол 16 үйден 12 оқушы мектепке барады.

– Тұрғындар әкімдіктен өзеннен жаяу жүргіншілерге арнап көпір салып беруді бірнеше рет сұрады. Талап-тілектерімізді ауданның бұрынғы басшысы Серікқазы Садуақасов құптап, қаражат бөліп беремін деген, бірақ ол кісі ауысып кетті, – дейді ауыл тұрғындары.

Мұны аудан әкімдігі де растады. Олардың айтуынша, қаражат уақытында бөлінбей қалғаны рас.

– Жаңа әкім Асхат Смайыловқа да ұсыныс жасалды. Нәтижесінде 5 миллион 398 мың теңгенің жобалық-сметалық құжаты әзірленді. Енді қаражат қарастырылуда, – деп жазылған аудан әкімдігінің ресми жауабында.

Ауыл тұрғындары көпір салынатын күнді асыға тосып жүргендіктерін жеткізді.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу