KZ
Өскемен
-22°
плотный туман жел 1 м/с, С
502.47 525.83 5.68

Карантин: ШҚО-да ереже бұзғандарға 340 айыппұл салынды

2.11.2020, 11:33 62

Шығыс Қазақстан облысында бас санитар дәрігердің қаулысын бұзғандар айыппұл арқалады, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

Аймақ көлемінде бір ай бойы мыңнан астам рейд жүргізілді.

– 1 қазан мен 1 қараша аралығында облыста 1662 рейд жүргізілді, 9110 нысан қамтылды. Оның ішінде қоғамдық көлік және көлікті дезинфекциялау пункттері де тексерілді. Санитар дәрігердің қаулысын бұзып, тиісті ережелерді сақтамағандарға Әкімшілік кодекстің 425-бабының 1-бөлігі бойынша 340 айыппұл салынды, – деп жазылған ШҚО әкімдігінің Instagram-дағы ресми парақшасында.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу