KZ
Өскемен
-6°
снег жел 5 м/с, Ю
497.88 518.59 5.44

ШҚО-да жантүршігерлік жол апаты болды

26.10.2020, 13:03 122

Жол-көлік оқиғасы 5 қазан күні «Өскемен–Рахман қайнары» тасжолында болды. «Нива» мінген 66 жастағы жүргізуші «Камазға» келіп соғылған, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

 – «ВАЗ-2121» автокөлігін мінген жүргізуші жылдамдық режимін және жол қауіпсіздігі ережелерін сақтамағандықтан алдында келе жатқан «КАМАЗ-55111» көлігіне соғылған. Жол-көлік оқиғасының салдарынан жеңіл көлік жүргізушісі сол жерде жан тапсырды. Аталған факті бойынша ҚР ҚК 345 бабы 3 бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды, – деп мәлімдеді облыстық полиция департаментінің басшысы Сағат Мәдиев.

Полиция ақпаратына сүйенсек, бірқатар сот сараптамалары тағайындалды. Солардың нәтижелері бойынша процессуалдық шешімдер қабылданады.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу