ШҚО-ның бірнеше ауданында жәрмеңке болды
Бүгін облыс орталығында ғана емес, аудандар да ауылшаруашылық жәрмеңкесі болды, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
Тойбазар Тарбағатайда, Катонқарағайда және Бесқарағай ауданында қатар өтті. Барқытбелдің Ақсуат ауылындағы жәрмеңкеде 18 бас сиыр, 1 бас жылқы мен 12 бас қойдың еті, 500 келі балық, 10 тонна картоп және 2 тонна көкөніс сатылды.
Ал Коробиха және Ақсу ауылдарының шаруалары Үлкен Нарынға келіп, сауда жасады. Сондай-ақ бүгін Семей қаласына Абай ауданынан жәрмеңке келді.
Оқи отырыңыз